Облыстық Әбіш оқуларының қорытындылары

Облыстық Әбіш оқуларының қорытындылары

2020 жылдың 11 желтоқсанында «Қостанай дарыны» ӨҒПО белгілі мемлекет қайраткері және жазушы Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығына арналған Республикалық Әбіш оқуларының облыстық кезеңін өткізді.

Оқулардың мақсаты: патриотизмді арттыру, қазақ тілін үйренуді насихаттау және әдебиетке деген қызығушылықты ояту, жастарды қазақ халқының мәдени мұрасы мен жазушының шығармашылығын құрметтеу рухында тәрбиелеу.

Оқулар 4 бағыт бойынша өтті: «Мәнерлеп оқу», «Зерттеу жұмысы», «Сахналық қойылым» және «Иллюстрация».

Біздің мектептен Дүйсен Куляш «Мәнерлеп оқу» номинацияда қатысты. Ол 2 орынға ие болды. Құттықтаймыз!