Гуманитарлық цикл пәндері апталығы
Гуманитарлық цикл пәндері апталығы.
Пәндік апталықтар сабақтан тыс жұмыстардың бір түрі болып саналады . 09.12- 15.12.2021ж аралықтарында «Тәуелсіз елім- Қазақстан» тақырыбында пәндік апталық өткізілді. «Мен өз елімнің патриотымын» ұранымен өткізілген апталықтың мақсаты: оқушылардың бойында жалпыадамзаттық құндылықтармен ҚР- да тұратын халықтар арасындағы достық, көпұлтты Қазақстанның мәдениеті мен тарихымен таныстыру, шығармашылық әлеуетін ашу негізінде Қазақстандық ұлтжандылықты тәрбиелеу. Гуманитарлық цикл пәндір апталығы мектеп әкімішілік жоспарына сәйкес бекітілген белгіленген уақытта өткізілді. Шығармалық тапсырмалар мен іс-шараны өткізуге дайындық кезінде оқушылардың жас ерекшеліктері назарда болды. Бұл апталық біздің мектепте жыл сайын өткізіледі. Әдістемелік бірлестіктегі барлық мұғалімдер мен 5-11сынып оқушылары түгел қатысады. Апталық барысында атаулы күндерге арналған ақпараттық және танымдық стенд безендірілді . Осы жылдың ең маңызды атаулы күні Тәуілсіз Қазақстан Республикасының 30 - жылдығына ерекше назар аударылды. Өткізілген іс-шараға 120-ға жуық оқушы қатысып, оның 72-сі жеңімпаз мадақтамаларымен сыйлықтарға ие болды. Апталық шығармашылық және бірлесіп жұмыс жасау аясында өткізіліп, пән мұғалімдерінің жоғары жұмыс нәтижесін көрсетті. Пән мұғалімдерінің өздерінің жеке және ұжымдық жұмыстарды ұтымды ұйымдастырулары оқушылардың қызығушылықтарын тудыра білді.