«Дарынды балаларға –талантты педагог» байқауының женімпазы

 16.10.2021 жылы «Дарынды балаларға –талантты педагог» байқауының облыстық туры өтті. Ауданымыздан және мектебімізден мектебіміздің тәлімгері Жалғасбай Шынар Өмірбекқызы қатысты. Шынар Өмірбекқызы өз бағдарламасын сәтті қорғады, өзінің мамандығын таңдауға қатысты өз ойлары мен сезімдерін жарқын және эмоционалды түрде көрсетті, сонымен қатар болашаққа жоспарларымен бөлісті. Қазылар алқасы біздің тәлімгеріміздің өнерін жоғары бағалап, оған 1 орын берді! Біз оны шын жүректен құттықтаймыз !!! Енді Шынар Өмірбекқызы 4 қарашада Өскеменде өтетін бұл байқаудың республикалық турында облыс намысын қорғайтын болады.