ҚР тілдер күні

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен ҚР тілдер күні мерекесіне орай «Тіл –тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты апталық өз мәресіне жетті. Ұлы ұстаздың өнегелі өмірін, шығармаларынан даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, жас ұрпақтың «жүрегіне терең бойлатып», дарынды жастарды анықтау және оларға шығармашылық тұрғыдан қолдау көрсету. Тақтада ілінген әр түрлі тапсырмаларға (сөзжұмбақ, ребус, сұрақ-жауап) жауап беріп, апталыққа белсене қатысқан оқушыларға мадақтама және тәттілер табысталды

.