Әдеби кафе.
Абильдина А. Ж. 22.09 күні «Өнер алды –қызыл тіл» тақырыбында үш тілде мәнерлеп оқу. «Әдеби кафе» атауымен іс-шара өткізілді.
Мақсаты: еліміздің мемлекеттік тілі екендігін ұғындыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру. Оқушылардың өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, сөз өнеріне баулу. Шапшаңдыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Мектеп оқушылары "Қатты сұрақтар"
"Сұйық сұрақтар"
"Майлы сұрақтар"
"Тәтті сұрақтар"
"Үйге алу тағамы" атауымен дайындалған сұрақтарға жауап беріп, ұлттық тағамдарды сатып алды.
Мысалы, "қатты сұрақтар" алған оқушы тіл туралы мақал айтып, сөйлем ішіндегі бір сөзді үш тілге аударады. Толық орындаса, қатты тағам - құртты оп-оңай сатып алады.
Осылайша өрбіген іс-шара өте қызықты өтті.