Жаратылыстану – математикалық цикл пәндерінің апталығы.
Жаратылыстану – математикалық цикл пәндерінің апталығы.
Мектептегі әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес 17.01.-24.01.2022ж. жаратылыстану – математика ғылымдары апталығы өтті. ӘБ-тің жетекшісі И.Н. Милютина педагогтармен бірлесіп іс-шаралар жоспарлады.Мақсаты дәстүрлі емес формаларын қолдану арқылы білім алушылардың сауаттылығын дамыту, негізгі құзыреттілікті қалыптастыру, жаратылыстану-математикалық цикл пәндеріне қызығушылығын арттыру. Мектеп фойесінде математика, физика, информатика, химия, география, биология пәндері бойынша қызықты деректер,викториналар, ребустар мен сөзжұмбақтар орналастырылған стенд безендірілді. Жоспар бойынша күн сайын сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді. Дүйсенбі – информатика күні. Мұғалімдер Ж.А. Бакенова мен К.О.Искаков 9-11 сыныптар үшін «Информатика білгірлерінің турнирін» өткізді. Олар өздерінің білімі мен тапқырлығын қолдана отырып «Информатика білгірі» атағы үшін бәсекеге түсе алды. 11-сынып оқушылары турнир жеңімпаздарына ие болды. Сейсенбі- биология және химия күні. Мұғалімдер Ж.Е. Салықбаева мен Б.М. Айтбай 8-11 сыныптар қатысқан химиялық-биологиялық саяхат өткізді. Саяхаттың негізгі мәні «елек» принципі.Келесі турға алдына қойылған міндетті шеше алған адам өтеді. Сұрақтар түрлері қызықты тарихи фактілері, сонымен қатар оқу білімін, логикалық ойлауды қолдану сияқты болды. Ерекше білімдерін көрсеткен 11 «Б» сынып оқушысы Обгольц Александра саяхаттың жеңісіне жетті. Сәрсенбі күні математика мұғалімдері А.А. Исмаилова 5 «А»-7 «А» сыныптарына арналған «Қызықты математика», Р.Ш. Шепенова 5 «Б»-7 «Б» сыныптарына арналған «Өз ойын» іс-шараларды дайындады. Бұларды ұстаздар жақсы деңгейде өткізді және логикаға, байымдылыққа , онымен қатар білімді қолдануға арналған тапсырмалар ойластырды. Бейсенбі –география күні. Пән мұғалімдері Л.Ж. Баязитова және Ж.Қ.Калина 5 кезеңнен тұратын «Көңілді география» ойынды өткізді. География тарихынан, заманауи географиядан, дәстүрлі емес сұрақтар мен шарадалардан жетінші сынып оқушылары көптеген жаңа және қызықты нәрселерді біле алды. Бұл күні «Жаратылыстану-математика ғылымдарының күнтізбесі» байқауы өткізілді. Оның барысында сыныптар бәлгілі бір ай және оқу пәні бойынша белгілі күндері мен маңызды оқиғалармен аталған күнтізбелік жасады.Жұма күні 8-11-сыныптарды қамтитын үлкен жалпы жұмыс өтті, атап айтқанда 8 қатысушыдан тұратын 6 команда ЖМҒ бекеттері бойынша өтті. Бұл іс-шара біздің мектепте дәстүрге айналды. Барлық балалар оны асыға күтеді, өйткені ең ақылдысы жеңеді!